$ 494.87  520.65  4.91

«Жастар жылы» аясында Қарағандыда агротехникалық университет түлектеріне жоғары жалақысы бар жұмыс ұсынылды

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің түлектері 7 наурыз күні Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты «Шахтерское» ЖШС-қа барды. Мұндағы мақсат, жастар осы жылы оқу бітіріп, қолдарына диплом алған соң ауыл шаруашылығы маманы ретінде ауылға барып қызмет жасау.

Бір сөзбен айтқанда студенттер алдын ала өздерінің болашақ жұмыс орынымен танысып, ондағы кәсіп көзін өз көздерімен көрді.

«Жастар жыл» аясында білім ордасының түлектеріне жасалып отырған бұл қамқорлықты қолдап ат салысып жатқандар да көп. Анығын айтқанда кәсіпорын түлектерді шаруа қожалығына ауыл шаруашылығы саласына қызмет етуге шақырып отыр.

Аталған ұсыныс бойынша Шахтерское ауылында жұмыс істеуге ниет білдірген мамандар баспанамен қамтылып, алдағы 5 жыл бойы ауылдық жерде еңбек ететін болады.

Арнайы автобуспен келген түлектерді шаруа қожалығы басшылары өздері күтіп алды. Сонан соң бірден ауыл мақтанышына айналған жүзу бассейнін аралап көрді.

Барлығы талапқа сай, қолданысқа берілгеніне бір жылға да жетпеген. Әрі таза әрі ыңғайлы, тиімді бассейн жас мамандардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік бермек.

Мұнан соң ЖШС директорының орынбасары Виталий Проков студенттерді «Шахтер» ауылындағы спорт кешеніне ертіп келді. Мұнда да барлығы қолданысқа дайын. Ойын алаңы, көрермендер орыны барлығы ойластырылған.

«Біздің залдан шыққан ойыншылар облыста алдынғы қатарда. Өзім Алматыдан арнайы келіп осы жерде жұмыс істеп жатырмын. Жас мамандарға жағдай жасалған» - дейді спорт кешенінің бас жаттықтырушысы.

Ауылда ашық мұз айдыны да бар. Виталий Проковтың айтуына қарағанда алдағы жылдары жабық хоккей хортын салу жоспарда бар.

Видалий Георгиевич студенттерді ауылмен толықтай таныстырып шықты.

Мектеп, балабақша, дәргер бөлімшесі, әкімшілік барлығы жаңа ғимаратқа көшірілген.

Тіпті ауылға келем деген жас маман жаңа салынған ыңғайлы баспанамен қамтылмақ. Сондай ақ, жас мамандарға берілетін жалақы да көңіл қуантарлық. Ең төменгі жалақы – 120 мыңнан басталады. Сондай ақ бір реттік 2 млн теңге көлемінде көтерме ақы да тағайындалған.

Әрине, ауыл басшылығы мен шаруашылық қожайындарының талабы да жоқ емес. Әуелі қызметке орналасып көмекақыға қол жеткізген маман осы ауылда кем дегенде 5 жыл тұруы керек. Және мамандығы бойынша шаруашылық ұсынған қызметті атқаруы тиіс. 5 жылдан соң басқа жаққа көшем десе өз еркі. Тек көшетін болса, берілген баспананы шаруашылыққа өткізіп кету міндеттелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары