Маңғыстау мен Қостанай облыстарында жел күшейеді деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің болжауынша, 13 наурызда күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел оңтүстік-шығыстан, солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.
«13 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 17-22 м/с жетеді. 13 наурызда Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, оның екпіні 17-22 м/с шамасында болы мүмкін», - делінген ескертуде.
Дереккөз: ҚазАқпарат