$ 494.87  520.65  4.91

«Сағат 6-да жарылады»: Петропавлда ер адам бомба барын айтты

Петропавлда ер адам полиция бөлімшесіне хабарласып, Қазақстан Конституциясы көшесінде бомба сағат 06:00-да жарылатынын айтқан деп жазады Nur.kz.

Оқиға орнына шұғыл кәсіби авариялық-құтқару қызметкерлері жеткен. Алайда, ол жерден ешқандай бомба табылмаған.

Полиция жалған ақпарат берген 1975 жылы туған ер адамды ұстады. Ол бұрын да сотты болған. Енді ол 5 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

«Жалған ақпарат таратушы алкогольдік ішімдік ішкен. Мастықтың салдарынан бомба барын хабарлаған. Өткен жылы СҚО-да осындай жалған ақпарат тарату бойынша 10 қылмыстық іс тіркелген болатын», – дейді департаменттегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары