$ 494.87  520.65  4.91

Голливуд жұлдыздары тағы қазақша сөйлейді

31 шілдеде отандық кинотеатрлардың экранында қазақ тіліне аударылған «Галактика сақшылары» голливуд фильмі шығады, деп хабарлайды «Қазақпарат».

«Болашақ» қауымдастығының баспасөз қызметі мәлімдегендей, «Галактика сақшылары» 2014 жылы қазақ тіліне тәржімаланған үшінші голливуд фильмі болмақ. Кинолента прокатқа қазақ және орыс тілдерінде 31 шілдеден бастап шығады.

«Дубляжға 20 актер қатысқан. Қазақ тілді дубляжінің режиссері жас маман Тимур Балымбетов. Бастып кейіпкерлердің дауысын актерлер Гүлназ Әуесбаева (Гамора), Бауыржан Қаптағай (Грут) Тимур Пиязов (Питер Квилл), Ержан Жарылқасынов (Рокет), Руслан Сенкебаев (Дракс) және Бейбіт Қамаранов (Ронан) оқыды», делінген таратылған хабарламада.

«Галактика сақшылары» - «Болашақ» қауымдастығы, MARWIN және демеушілердің ықпалдастығы аясында қазақ тіліне аударылған тоғызыншы фильм болып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары