$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда ғаламторға ұялы байланыс арқылы кіру 160 пайыздан асты

Бүгінгі таңда Қазақстанда интернетке кіру 70 пайыздан асты. Бұл туралы бүгін елордада басталған байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастық басшыларының кеңесінде ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиев мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.

— Бүгінгі таңда Қазақстанда интернетке кіру 70 пайыздан асып жығылды. Ал ұялы байланысқа кіруде біз 160 пайыздық шектен астық, — деді А.Жұмағалиев.

Сонымен бірге агенттік басшысы ауылдық елді мекендерді телефонмен жабдықтау жалғасып отырғанын баса айтты. Соның арқасында Қазақстан шалғайдағы ауылдарды ғаламтормен қамту үшін талшықты оптикалық инфрақұрылымды дамытуды жалғастыруда.

— Таяу үш жылдың ішінде бұл жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз, — деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары