Өртке қарсы қызмет пультіне 12 наурыз күні сағат 17:07-де Петровск көшесіндегі үйлердің бірінен өрт шыққаны жайлы хабар түскен. Төтеншеліктер келгенше көршісі өртеніп жатқан үйден 2011 жылғы қыз баланы сыртқа алып шыққан деп жазады NV.kz.
Өрт сөндірушілер залдан 1974 жылғы ер адамның денесін тапқан.
«Қызыл жалын 18:19-да сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы 70 шаршы метр. Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД-нің 35 өрт сөндірушісі мен 10 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», – деп хабарлайды Айдана Жүніс.
Алдын ала болжам бойынша, өрт жылыту пештерін пайдалануда өрт қауіпсіздік ережесін сақтамағаннан шыққан.