$ 514.65  544.6  5.17

Қазақстандағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары уақытша жұмысын тоқтатты

Қазақстан бойынша барлық мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметті көрсету уақытша тоқтатылды. 

«Бүгін сағат 9:50-де ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің сервистерінің іркілісі тіркелді, сондықтан республика бойынша мамандандырылған ХҚКО-да мемлекеттік қызметтерді алу мүмкін емес. ІІМ мамандары олқылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізуде. 

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және шыдамдылық пен түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Жұмыстың қалыпқа келтірілгені туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады», –  делінген «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары