15-18 наурыз аралығында Қазандағы «Мир» кинотеатрында Қазақ киносының күндері өтеді. Бұл туралы ақпарат Ресейдегі Қазақстан елшілігінің ресми сайтында жарияланды.
Көрермендердің назарына алты: «Жұлдыздар тоғысқанда», «Қазақ хандығы. Алмас қылыш», «Әмре», «Оралман», «Талан» және «Анаға апарар жол» фильмдері ұсынылады.
Қазандағы көрсетілімнен соң қазақ киносының апталығы Татарстанның аудандарында жалғасады.
Барлық көрсетілімдерге кіру тегін.