13.03.2019, 12:08

Бекболат Тілеухан ауруханаға түсіп қалды

Бекболат Тілеухан ауруханаға түсіп қалды. Бұл туралы әлеуметтік желіге журналист Тоқтар Жақаш пен оның өнердегі достары жазып жатыр. 

Тоқтар Жақаш «Бекболат Тілеухан жүрек талмасымен құлап, ауруханаға түсіпті. Жағдайы ауыр екен» деген хабар жетті деп жазса, дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали «Жаратқан Аллам ардақты ұстазымның деніне саулық бер. Дертінен айықтыра көр» деген дұға қалдырған.

Желі қолданушылары жаппай мәжіліс депутатының сауығып кетуін тілеп, пікір жазуда.