$ 443.85  474.3  4.8

Алматыда 44 жастағы ер адамды көлік қағып өлтірді

Алматыда 44 жастағы ер адам көлік астына түсіп мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Mercedes-Benz көлігі Төле би көшесімен батысқа келе жатқанда Тілендивепен қиылыста алдынан кенеттен бір адам жүгіріп шыққан. 

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ер адам мас болған. 

Тежегішті басып үлгермеген жүргізуші оны қағып кетті. Соққыдан алысқа ұшып кеткен адам сол жерде жедел жәрдем келгенше көз жұмған. 

«Қазір аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 345-бабы  3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалады», - деді Департаменттің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары