$ 444.32  473.33  4.76

Алматыда қызды автобус қағып кетті (ВИДЕО)

Алматы орталығында автобус жүргізушісі қызды қағып кетті деп жазады Тengrinews.kz.

«Алматыэлектртранс» өкілдерінің мәліметінше, бұл оқиға бүгін, 14 наурызда шамамен сағат 12.30-да болған. №70 автобустың жүргізушісі Розыбакиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Абай даңғылымен қиылысатын жерде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Қыз бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Ал жүргізуші тоқтап үлгермеген. Жедел жәрдем қызметі шақырылды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», - деді «Алматыэлектртранс» өкілдері.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар зардап шеккен қыздың Қалалық орталық клиникалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

«Ми жарақатын алған, сондай-ақ, мойын омыртқасы мен иығын жарақаттап алған. Жағдайы - орташа ауыр», - деді ведомстводағылар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары