$ 447.4  477.55  4.76

«Қар көшкіні болуы мүмкін»: Алматы тұрғындары мен қонақтарына ескерту жарияланды

14 наурыз бейсенбіде Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК жіберген дауылды ескерту негізінде хабарлама жасады  деп жазады Tengrinews.kz

«Күннің жылуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде, яғни «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты, «Медеу» мұз айдыны аумағында, Бутаковка шатқалының жоғарғы жағы мен Құмбел Су шатқалында (Алмарасан) 14-18 наурыз аралығында қар көшкіні болуы мүмкін.

Тау бөктерлеріне шықпауға кеңес береміз. Сақ болыңыздар», - деп ескертеді ведомстводағылар.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары