Жаңалықтар 15.03.2019 сағат 03:02

Қылмыстық жауапқа тартылу үшін Жомарт Ертаев Қазақстанға экстрадацияланды

Қазақстан Республикасы Бас прокуратура қызметкерлері қылмыстық жауапқа тарту үшін Ресей Федерациясынан Жомарт Ертаевты экстрадициялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қылмыстық жауапқа тартылу үшін Жомарт Ертаев Қазақстанға экстрадацияланды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оған былтыр наурыз айында халықаралық іздеу жарияланған болатын. 

«Жомарт Ертаев 2011-2017 жылдар аралығында қызметтік жағдайын пайдалана отырып, басқа тұлғалармен  алдын ала келісу арқылы «BANK RBK» АҚ-ның 144 млрд теңгесін жымқырды деген күдікке ілінді. Сондай-ақ, онымен бірге 54 адам, соның ішінде банктің 41 топ-менеджері мен қатардағы жұмысшылары - бұрын экстрадицияланған Б.Ибрагим, И.Мажинов, Д.Туғанбай, Д.Едігенев, А.Мамырбеков, Т.Шәріпов күдіктеліп отыр», - делінген хабарламада. 

Тергеу барысындағы шаралардың арқасында 15 млрд теңге өтеліп, 48 млрд теңге мүлікке тыйым салынды. 

Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар істі тексеруді аяқтады. Процеске қатысушылар материалдармен танысып жатыр. 

Ж. Ертаев Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. 

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар