$ 448.15  483.46  4.86

Байқоңырдан тағы ғарыш кемесі ұшырылды (ВИДЕО)

Бүгін, 15 наурызда түнгі сағат 00.14-те, Байқоңырдан «Союз МС-12»  ғарыш кемесі бар ресейлік «Союз-ФГ» зымыран тасығышы ұшырылды. Бұл туралы NASA агенттігі мен Роскосмос хабарлады.

Кеме бортында Халықаралық ғарыш станциясына бағыт алған ресейлік ғарышкерлер Алексей Овчинин мен NASA-ның екі астронавты – Ник Хейг мен Кристина Кох бар. Ғарыш станциясымен түйісу 15 наурызға жоспарланған.

2018 жылы 11 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылған «Союз» зымыран тасығышы әуеге көтерілгеннен бірнеше минуттан соң апатқа ұшыраған. Бұған бірінші және екінші басқышын ажырататын датчиктің дұрыс жұмыс істемеуі себеп болған деп хабарланды.

Зымыран тасығышқа тіркелген «Союз МС-10» ғарыш кемесі халықаралық станцияға ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейгті жеткізуі тиіс болған. Апаттан соң ғарышкерлер отырған капсула Байқоңырдан шамамен 500 километр қашықтыққа қонған.

Дереккөз:Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары