Қостанай облысында өртенген автокөліктен ер адамның мәйіті табылды. Бұл оқиға «Қостанай-Сарыкөл» тас жолында 14 наурызда болған деп хабаралйды жергілікті Полиция департаменті.
Алтынсарин ауданының 32 жастағы тұрғыны «ВАЗ-2111» көлігімен Қостанайдан Убаган ауылына кетіп бара жатқан. Куәгерлер орта жолда автокөліктің өртеніп жатқанын көрген.
Ер адамның газдан уланып қайтыс болғаны анықталды. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: alau.kz