$ 494.87  520.65  4.91

«Трансаэро» нарықтан кетеді

Банкроттық алдында тұрған «Трансаэро» әуекомпаниясы нарықтан кетіп, ал оның бағыттары мен ұшақтар паркінің жақсы бөлігін өзге әуетасымалдаушылар алады, деп мәлім етті РФ бірінші вице-пермьері Игорь Шувалов, деп хабарлайды РИА Новости

«Трансаэро» лизингтік міндеттемелерді қосқанда 250 миллиард рубльді құрайтын қарыздарын өтеуге қабілетсіз болды. "Трансаэро" компаниясының 75 пайыз акциясын мемлекеттің бақылауындағы «Аэрофлотқа» беру бойынша қыркүйекте үкіметпен мақұлданған жоспар жүзеге аспай қалғаннан кейін, несиешілер мен ресей билігі банкроттық жолын қарастырыуда.  

«Трансаэро» нарықтан кетеді. Бағыттарды өзге әуетасымалдаушылар алады. Ұшақтар паркінің жақсы бөлігі басқа әуекомпанияларына беріледі. Адамдар ешқандай жапа шекпейді. Бәсекеге қабілетті тасымал жүзеге асырылатын болады», — деді Шувалов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары