Астана-Қарағанды тас жолында автобустың 60 жолаушысы эвакуацияланды, - деп хабарлайды Астана ТЖД баспасөз қызметінен.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 қазанда, таңғы сағат 05.40-та "112" номеріне Астана-Қарағанды трассасында, қаладан 20 шақырым қашықтықта автобустың бұзылып қалғаны туралы хабарлама келген.
«Оқиға болған жерге 2 техника жіберілді: автобус және Камаз. Автобустың 60 жолаушысы (Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей азаматтары) трасса бойындағы дәмханаға эвакуацияланды. Автобустың Тюмень қаласынан Қырғызстанға бара жатқаны белгілі болды», - деп жазылған хабарламада.
Оқиға салдарынан зардап шеккен адам жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" Астанада ауа райына байланысты ескерту жариялаған болатын. Кәсіпорынның мәліметінше, 22 қазанда Астанада көктайғақ болады.