$ 478.35  504.04  4.86
1xadv
Жаңалықтар 16.03.2019 сағат 09:48

«Далада ұйықтап қалған»: Шымкентте жоғалып кеткен 4 жасар бала табылды

Шымкентте жоғалып кеткен 4 жасар сәби аман-есен табылды. Соңғы рет ата-анасы оны аулада ойнап жүргенін көрген екен. Одан кейін бала ұшты-күйлі көзден ғайып болған.

«Далада ұйықтап қалған»: Шымкентте жоғалып кеткен 4 жасар бала табылды

Полицияға дереу хабар берілгеннен кейін 500 маманнан тұратын іздеу тобы түнгі екіден бастап маңайды шолуды бастады. Іздеушілердің қатарында полициядан бөлек кинолог мамандар және ерікті азаматтар бар. Шымкент қалалық Полиция департаментінің басшысының өзі де осы топпен бірге сәбиді іздеді.

Көп ұзамай 4 жасар бала аман-есен табылды. Полицейлер оны ашық далада жатқанын айтады. 

"Біз оны тапқан кезде ол ашық далада қимылсыз жатты. Қатты қорықтық, Құдайдан аман болса екен деп тіледік. Жанына барған кезде жай ғана ұйықтап жатқанын түсіндік те дереу дәрігерлердің тексеруіне бердік. Денсаулығында мін жоқ", - деді полицейлер.

Қазір сәби ата-анасына қайтарылды. Тәртіп сақшылары оның ата-анасына ескерту жасап, баланы қараусыз қалдырмауды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар