Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарында дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің мәліметінше, 16 наурыз күні Қызылорда облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады және шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп күтілуде. Жолдарда көктайғақ болады.
17 наурыз күні Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан және солтүстіктен жылдамдығы секундына 15-20 метрлік жел соғады. Түркістан облысында да дәл осы күні дауылды жел тұрады деп күтілуде.