$ 449.58  486.94  4.86

Қазақстанның 2 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қазақстанның 2 қаласында ауа сапасы нашарлайды деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес,  Қарағанды мен Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді. Еліміздің өзге шаһарларында атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.   

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары