$ 494.87  520.65  4.91

24 наурыз күні Астанада қайырымдылық марафоны өтеді

24 наурыз күні алғаш рет «AstanaNauryzMarathon» атты жүгіруден қайырымдылық марафоны өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайырымдылық шарасына кез келген адам қатыса алады. Алдымен қатысушы өзінің еркімен мен мүмкіндігіне қарай жүгіру қашықтығын таңдап, соған сәйкес жарна төлеуі тиіс. Яғни марафон ережесіне сәйкес 500 метрге жүгіремін деуші 5000 теңге, 5 шақырым 7000 теңге, 10 шақырым 7000 теңге, 21 шақырым 7000 теңге көлемінде ақша төлейді. 

«Жүгіру марафонына 2-2,5 мың аралығында адам қатысады деп жоспарлануда, сондай-ақ, жүгіру жарысына кәсіби желаяқ марафоншылар да тартылады. Шарадан түскен қаражаттың жартысы қайырымдылық мақсатына жұмсалады. 

«AstanaNauryzMarathon» марафоны өтетін тас жол IAAF/AIMS ережесіне сәйкес аккредиттелген мамандармен сертификатталған », - делінген марафонның ресми сайтында. https://astananauryzmarathon.kz/#%D0%B3%D0%BB%D0%B0%D0%B2%D0%BD%D0%B0%D1%8F 

«AstanaSportLife» компаниясының ұйымдастыруымен өтетін спорттық шараға Астана қаласының әкімдігі қолдау білдіріп отыр.  

Айта кетейік,  «AstanaNauryzMarathon» қайырымдылық марафоны қаладағы Триатлон саябағында (Б.Момышұлы, 2) өтеді.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары