$ 524.65  552.19  5.14

«Әрине көп ақша емес»: Сапарбаев көпбалалы әкені 150 мың теңгелік жалақыға келісуге шақырды (ВИДЕО)

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Жаңаөзен тұрғыны, көпбалалы әкені 150 мың теңгелік жалақыға келісуге шақырды. Министрдің бұл видеосын саясаткер Талғат Еділов өзінің Telegram-арнасында жариялады.

 Кадрда ер адам Сапарбаевқа 7 баласы бар екенін айтып, жұмыс сұрайды. Сондағылардың бірі көпбалалы әкеге 150 мың теңге жалақысы бар жұмыс ұсынылғанын айтады. Министр болса, ұсынылған жалақыға келісуге шақырып, айлығы алдағы уақытта көтерілетінін жеткізді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Қанат Құлшманов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында таралған видеоға қатысты ақпарат берген. 

«Бүгін желіде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың 7 баланың, оның ішінде мүгедек баланың әкесін жалақысы 150 мың теңге болатын жұмысқа келісуге шақырған видеосы қызу талқыға түскенін көрдім. Әрине, 150 мың теңгенің көпбалалы отбасы үшін көп ақша емес», - деп жазған Құлшманов 1 сәуірден бастап берілетін әлеуметтік көмектің 150 мың теңге табысы бар отбасыға қалай тағайындалатынын түсіндіріп берді. 

Айта кетейік, өткен аптада премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев бастаған үкімет мүшелері Маңғыстау облысындағы көпбалалы отбасылардың үйлерін аралады. 

Гүлшара Әбдіхалықованың аяқ киіммен үйде жүрген видеосын да көпшілік қызу талқылаған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары