22.10.2015, 11:49

Алматы және Астана вокзалдарында көлік тұрақтары ақылы болады

azh.kz

Алматы және Астана теміржол вокзалдарында ақылы көлік қоятын орындар пайда болады. Бұл туралы  «Вокзал-Сервис» АҚ-тың президенті Қайрат Тұрлыханов мәлімдеді деп хабарлайды vlast.kz.

«Мәселені әкімдікпен бірігіп шешеміз. Егер»Вокзал-Сервис» АҚ-на барлық аумақтарды беретін болса, мәселе шешімін табады. Бұл Алматы және Астана әуежайындағы тұрақтарға ұқсас болады. Жүргізушілер шлагбаумнан өткеннен кейін екі сағат тегін тұра алады. Ал екі сағаттан соң ақы төленеді. Таксиге арналған бөлек тұрақтар болады», — деді ол.

Мәселеге қатысты жыл соңына дейін министрлікпен және Алматы, Астана әкімдігімен бірігіп келісім жасалады.

«Аталған мәселе 2016 жылдың екінші тоқсанында шешімін табады деп ойлаймын», — деді Қайрат Тұрлыханов.