$ 494.87  520.65  4.91

Денсаулық министрі соңғы 20 жылда қатерлі ісіктің көбейгенін айтты

Қазақстанда соңғы 20 жылда қатерлі ісік сырқаттары көбейіп келеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Мәжілісте өткен үкімет сағатында айтты деп жазады Tengrinews.kz.

Министр 2019 жылдың 1 қаңтарындағы деректер бойынша диспансерлік бақылауда қатерлі ісігі бар 181 344 науқас тіркелгенін мәлімдеді.

«2018 жылы 35 753 адам алғаш рет тіркелді, олардың 44,3 пайызы - ер адам, ал 55,7 пайызы - әйелдер. Қатерлі ісіктен қайтыс болғандардың ішінде ер адамдар көбірек  - 53,8 пайыз. Алғаш рет ауырғандардың 60 пайызы - 18 жастан 63-ке дейінгі еңбекке жарамды адамдар. Сырқаттану құрылымында көш бастап тұрғандар: сүт безінің қатерлі ісігі (12,6 пайыз), өкпе қатерлі ісігі (9,9 пайыз), асқазан қатерлі ісігі (7,4 пайыз), жатыр мойны қатерлі ісігі және тоқ ішек қатерлігі ісігі (4,7 пайыз)», - деді Біртанов.

Көп жағдайда өкпе ісігі (16,5 пайыз), асқазан ісігі (11,5) мен сүт безі ісігінің (8,4) өлімінің басты себебі болатыны айтылады.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары