04.03.2019, 13:41

Қарағандыда Алғыс айту күніне орай көрме ұйымдастырылды

Көрнекі сурет

Қарағандыда Алғыс айту күніне орай көрме ұйымдастырылды. Шарада Қазақстанның бірнеше тарихи кезеңін қамтыған көлемді дүниелер көпшілік назарына ұсынылды. 

Экспозицияны тамашалауға келгендер мерекелік шарамен қатар, шеберлік сағаттарына қатысуға мүмкіндік алды. Келушілер сондай-ақ киіз басып, сурет салды. 

Көрмеде Қазақстанға жер аударған ұлыстардың тарихын зерделеген зерттеушілердің ғылыми жұмыстары қойылды. «Сарыарқа бірлік пен достықтың алтын ордасы» деп аталатын картинаны этномәдени бірлестіктердің жас өкілдері бірге салып шықты. Бұл кенеп Қазақстан Халықтары балалар Ассамблеясы құрылған балабақшаға жолданды. 

Қарағандылықтар көрмеден кейін Ғалым Жайлыбаевтың поэмасы негізінде қойылған «Қара орамал» спектаклін тамашалады.