$ 447.4  477.55  4.76

Астанада бір тәулікте 120 жол апаты тіркелген

Бір тәулікте Астаналық ІІД-не 120-ға жуық жол-көлік оқиғасы туралы хабар келіп түскен. Олардың 60-қа жуығы расталған. Абырой болғанда көліктерге кішігірім ғана зақым келіп, зардап шеккендер болмаған, деп хабарлайды Астана арнасы.

Полицейлердің айтуынша, жүргізушілер аяқ-асты күннің суытуына дайын болмаған. Салдарынан көшелерде ұзын-сонар кептеліс қалыптасқан.

«Апаттардың себебі – қашықтықты сақтамау және шиналарды жаздықтан қыстыққа ауыстырып үлгермеуі», – дейді ІІД арнайы тапсырмалар бойынша бас инспектор Лариса Красникова.

Полицейлер жүргізушілерге тез арада шиналарын аусытруға кеңес берді.

Сол арада «Қазгидромет» мұзтайғақтың әлі екі күн сақталатынын ескертті. 23 қазан күні Ақмола облысында күн суытып, қар, кей жерлерде боран мен желдің үдеуі байқалады.

Батыс және оңтүстік өңірлерден өзге барлық республика бойынша ауа райы 5-10-градусқа суиды. Ал шығыста минус 18-ге дейін барады. 24 қазанда Ақмола облысында күн жылынады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары