Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ баспасөз, электрондық және Интернет-БАҚ журналистері арасында ҚР электр энергетикалық саласы дамуының өзекті мәселелері бойынша өткір де тартымды жазылған үздік материалдарға шығармашылық байқау өткізетінін хабарлайды.
Байқауға қатысу үшін 2015 жылдың 1 қаңтары мен 2 желтоқсаны аралығында баспасөз беттерінде, теледидар эфирінде және интернетте жарияланған материалдар қаралады.
Байқау бір айналымнан тұрады және арнайы біліктілікті талап етпейді. Бұл шараға республикалық, аймақтық электрондық және баспа бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ Интернет-сайттардың журналистері қатыса алады.
Байқаудың жеңімпаздары БАҚ түрлері бойынша қарастырылған номинациялармен анықталып, бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталады.
Байқау туралы ережені www.kegoc.kz сайтынан қарауға болады.