$ 478.35  504.04  4.86
1xadv
Жаңалықтар 19.03.2019 сағат 04:10

Шымкентте 38 оқушы газдан уланып, ауруханаға жеткізілді

18 наурызда Шымкенттегі №54 мектепте 38 оқушы газдан уланып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Азаттыққа Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Оқиға болғанын қалалық білім басқармасы да растады.

Шымкентте 38 оқушы газдан уланып, ауруханаға жеткізілді

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, иіс тиіп уланғандар арасында бір мұғалім мен бір техникалық қызметкер де бар.

«24 адам дәрігерлер көмегінен кейін үйлеріне қайтты. 12 адам әлі ауруханада жатыр. Иіс тиіп, уланғандар саны өсуі мүмкін»  деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Нақымқызы.

Аурухана дәрігерлері оқушылардың газдан уланғанын айтты.

Мектептен мыңдаған адам эвакуацияланған. Олардың 800-ден астамы – оқушы. Оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатыр. Иістің қайдан шыққаны әзірге белгісіз. Білім басқармасының хабарлауынша, мектепте газ болмаған және жылу құрылғылары тоқтатылған. Төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала болжамы бойынша, иіс мектеп аумағына сырттан келуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар