$ 498.34  519.72  4.85

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Василий Крылов қызметінен босатылды

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Василий Крылов пен аппарат басшысы Талғат Бөлтенов қызметтерінен босатылды деп хабарлайды Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали. 

«Берілген өтініш негізінде, отбасы жағдайына байланысты облыс әкімінің орынбасары Василий Леонидович Крылов атқарып отырған қызметінен босатылды. Сондай-ақ, Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы Талғат Бөлтенов Ақмола облысының қаржы басқармасына қайта оралуын сұрап, қызметінен босатылады», - деді облыс әкімі Мәлік Мырзалин аппарат кеңесінде.

Ол Василий Крылов пен Талғат Бөлтеновке бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, оларға табыс тіледі.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары