$ 498.34  519.72  4.85

БҚО-да колледж директоры өзіне қол салды

Батыс Қазақстан облысында колледж директоры өзіне-өзі қол жұмсады деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше Бәйтерек ауданы Калинин ауылында орын алған. Сағат 12.30-да өзіне қол жұмсаған ер адамның мүрдесі табылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Марқұм сол ауылда колледж директоры болып жұмыс жасаған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында қыз бала жетінші қабаттан секіріп кеткен болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары