$ 448.15  483.46  4.86

Алматы облысында 4-қабаттан құлап түскен үш жасар сәби аман қалды

Сәби Текелідегі 4-қабатты үйдің балконынан құлап кеткен деп жазады Sputniknews.kz.

Оқиға 17 наурызда болған. Баласын көтеріп алған 29 жастағы әйел сол маңдағы учаскелік полицейлерден көмек сұраған.

Сәбидің анасының айтуынша, ойнап жүрген ол балконға шығып кетіпті. Сөйтіп байқаусызда құлап кеткен.

Полиция қызметкерлері жедел жәрдемді күтпестен өздері сәбиді анасымен бірге қалалық ауруханасына жеткізген.

Ауыр жарақатына қарамастан дәрігерлер сәбиді аман алып қалды. Бірақ 3 жасар қыздың жағдайы әлі де ауыр. Алдағы уақытта баланы Талдықорғандағы облыстық ауруханаға апаруы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары