$ 498.34  519.72  4.85

Су ресурстары комитеті басшысы Ислам Әбішевтің ісіне қатысты видео жарияланды (ВИДЕО)

Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевке және «Қазақ күресі» дүниежүзілік федерациясы вице-президентінің ісіне қатысты Желіде видео жарияланды деп жазады Тengrinews.kz.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарованың айтуынша, олар мердігер ұйым өкілінен су құбырын қайта жаңарту және ауылдық елді мекендерге тарату желілерін салу үшін 60 миллион теңгеден аса бопсалап пара алды деген күдікке ілінген.

16 наурызда Сот күдіктілерге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. Тергеу жалғасады. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары