$ 514.65  544.6  5.17

Қасым-Жомарт Тоқаев 20 наурызда парламенттің бірлескен отырысында ант береді

19 наурызда Астана уақытымен сағат 19:00-да Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардан халыққа үндеу жасап, президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді деп жазады Азаттық.

Назарбаев үндеу жасап жатқанда қол қойған «Қазақстан Республикасы президентінің өкілеттігін атқару туралы» жарлыққа сәйкес, оның президенттік өкілеттігі 20 наурызда тоқтатылады.

Ел конституциясының 48-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан президентінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғандықтан қалған мерзімде оның өкілеттігі парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көшеді. Ол бұл қызметті жаңа президент сайланғанға дейін атқарады.

Конституцияның 48-бабының 2-тармағына сай, Тоқаевтың ант беру рәсімі, Орталық сайлау комиссиясының келісімімен, 2019 жылы 20 наурызда Астана уақытымен сағат 12:00-де парламенттің бірлескен отырысында өтеді деп хабарланды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары