$ 477.25  500.25  4.81
1xadv
Жаңалықтар 20.03.2019 сағат 12:08

Өскеменде негізгі көшенің біріне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

Өскемендегі Тәуелсіздік даңғылына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілетін болды деп жазады ҚазАқпарат.

Өскеменде негізгі көшенің біріне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

Өскемен қалалық мәслихатының депутаттары Тәуелсіздік даңғылын Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен атау туралы шешім қабылдады. Қала әкімі Жақсылық Омар жасаған ұсынысты 22 депутат бірауыздан қолдап, дауыс берді. Даңғылдың толық атауы Нұрсұлтан Назарабев даңғылы болмақ. Яғни, «Елбасы», «Тұңғыш Президент» деген қосымшалар жалғанбайды.

«Кеше ғана тарихи шешім қабылданды. Ал бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президенттің есімін мәңгілікке қалдыру үшін облыс орталықтарындағы негізгі көшенің біріне Елбасы есімін беру туралы ұсыныс жасады. Сол ұсынысты құп алып, Тәуелсіздік даңғылын Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен атауды ұсынып отырмыз» - деді шаһар басшысы.

Қалалық мәслихаттың депутаты Майраш Екібасованың айтуынша, бұл шешім енді Республикалық ономастикалық комиссияда қаралады.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар