Шымкенттегі балабақшадан екі бүлдіршін жоғалып кетті. Тәрбиешілердің көзін ала бере, ауладан шығып кеткен кішкентайларды өңірлік полияция тез арада тауып, ата-анасына табыстаған деп жазады NUR.KZ.
Таңертең ата-анасы балабақшаға әкелген балақайлардың жоқтығын байқаған тәрбиешілер полицияға хабар береді.
Тәртіп сақшылары жоғалған балақайларды іздеуге кіріскен. Сол күні-ақ Шымкент қаласы полицейлері жоғалған екі бүлдіршінді тез арада тауып, ата-анасы мен тәрбиешілеріне табыстады.
«Полиция қызметкерлеріне риза болған екі бүлдіршіннің ата-анасы мен балабақша тәрбиешілері алғыстарын жаудырды», - деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.