Жаңалықтар 21.03.2019 сағат 11:22

Жамбыл облысында мереке күні «Жастар аллеясы» ашылды

Наурыз «Ұлыстың ұлы күні» ретінде аталып, «Қош келдің, Әз-Наурыз» мерекелік іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл күні «Атшабар» скверіндегі абаттандыру жұмыстары аяқталып, «Жастар аллеясы» болып қайта ашылды. Бұл «Жастар жылына» орай тамаша тарту болды.

Жамбыл облысында мереке күні «Жастар аллеясы» ашылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Аталған саябақта «Ұлы дала ұландары» стеласы, «Білім» алаңы, «Jastar» қабілет орталығы,  «Кітап» ескерткіші және «Сахна» алаңшасы ашылды. Мереке күні аталмыш «Жастар» аллеясы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының «Түркі әлемінің бесігі» бөлімін айшықтайтын театрландырылған көрініспен ашылып, 700-ге жуық өнерпаздардың қатысуымен «Көктем» хореографиялық композициясы және домбырашылар, қобызшы, дауылпазшылардың қатысуымен күй орындау шеберліктерін көрсететін композициялар ұсынылды. Жамбыл  облысы әкімі Асқар Мырзахметовтың қатысуымен Тараз қаласында «Балқарағай» фито бар емдеу-сауықтыру орталығы ашылды. Өңір басшысы фитобар аумағында ардагерлермен бірге тал егу рәсіміне қатысты. Облыста тұңғыш рет ашылған фитобарда алдағы уақытта келушілерге арналып емдік өсімдіктерден дайындалған түрлі тағамдар мен сусындар, денсаулықты жақсартатын диеталық өнімдер ұсынылмақ. Фитобардың негізгі мақсаты салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау болып табылады.

«Махаббат» стеласында «Ұлы даланың елі мен жерін сүйген, тарихы мен салт-дәстүрін  ардақтаған, ар-намысы мен адал махаббатты ту еткен ұл-қыздарына арналған» деп  жазылған. Шынайы сезімнің символына айналған Қозы мен Баян, Қыз Жібек пен Төлеген, Еңлік пен Кебек, Қарахан мен Айша бибі махаббатын үлгі тұтар жастарға үлкен сый болып отыр. Биіктігі 15 метр, ені 3,5 метрді құрайтын стеланың бір бетіне қазақ батырының, бір бетінде қазақ аруының бейнесі бейнеленген.

Білім алаңының жалпы аумағы 1000 шаршы метрді құрайды.  Онда 600 орындық ашық аспан астындағы амфитеатр орналасуда. Амфитеатр сахна 14 бағанадан тұратын арка негізінде бой көтеруде. Оның ұзындығы - 42 метр, ені - 16 метр. Ал биіктігі - 12 метр. Бағана үстіндегі маңдайшаның сыртқы үш жақтауына үш тілде  білім туралы қанатты сөздер жазылған. Атап айтар болсақ, латын қарпіндегі қазақ тілінде: «Білім - өмір шырағы», көне түрік тілінде: «Білімсіз күнің жоқ», ағылшынша: «Күш атасы – білімде» деп жазылған.

Жобаның құны 47 миллион теңгені құрайды. Оның жалпы аумағы - 288 шаршы метр. Орталықта 16 адамға арналған «коворкинг» залы мен 40 адамға арналған асхана жұмыс істейді. «Wi-fi» желісімен қамтамасыз етілген. Жастар жылына орай жастарды қолдау мақсатында бой көтерген орталық олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға үлкен әсерін тигізеді деп күтілуде. Бұл нысан «Табыс» ЖШС демеушілігімен бой көтерген. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

 

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар