$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда ұлттық киімдер көрмесі өтеді

Алматыда 27 қазан күні сағат 16.00 де академик Қ. Сәтбаевтың мемориалдық музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығы мен ҚХА 20 жылдығына арналған Ұлттық киім көрмесі өтеді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар Қ.Сәтбаевтың мемориалдық музейі, Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық және сәулет-ландшафтық қоры музейі және «Сымбат» дизайн және технология академиясы.

Көрме көпұлтты Қазақстандағы әр ұлттың киімдерінің байлығы мен әркелкілігін насихаттауды мақсат етеді. Көрмеге қазақ, орыс, корей, неміс, украин, татар секілді түрлі ұлттардың үйлену тойында, мерей тойларында және күнделікті өмірде киілетін киімдері қойылады.

Сондай-ақ, академия студенттерінің арасында дизайн және технология бағыты бойынша Чухия, Түркия, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Украина секілді бірнеше мемлекетте өткен халықаралық байқаулардан жеңімпаз болғандар да бар.

Көрме қазан айының екісіне дейін жалғасатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары