$ 494.87  520.65  4.91

Оңтүстікте 4 баллдық жер сілкінісі болды

Дүйсенбіде Шымкент пен Тараз тұрғындары күші  4 баллдық жер сілкінісін сезді, деп хабарлады ҚР ҒБМ сейсмикалық стансалар желісі. 

Сейсмологтардың мәліметінше, бүгін, 26 қазан күні Алматы уақыты бойынша сағат 15.09-да жер сілкінісі тіркелді.

Зілзала ошағы Ауғанстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстікке-батысқа қарай 904 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы — 15.2. Магнитудасы — MPV 7.2.

Тереңдігі — 150 шақырым.

МSК-64 шкаласы бойынша жерасты дүмпуінің Қазақстан жерінде сезілгені туралы дерек бар: Шымкент — 4 балл, Тараз — 3-4 балл шамасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары