$ 475.25  505.52  4.95
Жаңалықтар 22.03.2019 сағат 06:14

Каспий теңізінің шығыс жағалауында жер сілкінді

21 наурызда түс ауа Каспий теңізінің шығыс жағалауында 4,6 магнитудалы жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропалық Жерорта теңізі маңайы сейсмологиялық орталығы хабарлады.

Каспий теңізінің шығыс жағалауында жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Түркіменстан мен Әзербайжан шекарасының аумағында, Түркіменбашы қаласынан 107 шақырымда тіркелген. Тербеліс жердің 10 километр терең қабатында болған деп хабарланды.

Бұл - осы аптада Каспий теңізінде болған екінші жер сілкінісі. 19 наурызда 4,0 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген.

Дереккөз: Азаттық

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар