$ 447.4  477.55  4.76

Шекарадан шаян алып өтпек болған Ресейлік ұсталды

Қазақстандық шекарашылар Ресейге 10 келіге жуық  шаян алып өткеп болған Ресей азаматын ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі. 

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 24 қазан күні орын алды. «Батыс» өңірлік басқармасына қарасты Орал шекара отрядын Ресейге қарай «Хюндай» жеңіл автокөлігімен бет алған 1979 жылы туған азаматты ұстады. 

Тексеру барысында аталған азаматтың автокөлігінің жүксалғышынан заңсыз әкетіліп бара жатқан, салмағы 10 келіден астам (234 дана) өзен шаяндарын тауып, Батыс Қазақстан облысының Тасқала аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне табыстады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары