$ 514.65  544.6  5.17

Қытайдағы химиялық зауыт жарылып, 64 адам қаза тапты

Қытайдың Яньчэнь қаласындағы пестицид шығаратын зауытта болған жарылыстан кем дегенде 64 адам қаза тауып, 600-ден астам адам жараланған деп жазады centralasian.org. 71 адам ауыр қалде жатыр.

Жарылыстан соң өрт болған. Өндіріс нысаны ғимаратының басқа да бөлімдерін от шарпыған. Жарылыс күшінен зауытқа жақын орналасқан тұрғын үйлер мен мектептердің терезелері сынды. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарылыстан зауытқа жақын орналасқан балабақшадағы балалар да зардап шеккен.

Жарылыс себебі әзірге анықталған жоқ.

Тыңайтқыш өндірілетін зауыт Яньчэнь қаласында 2007 жылы ашылған. Бұған дейін тез өртенетін отыздан астам химикат шығаратын компанияға қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны және қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұл салған.

Мұндай зауыттардағы жарылыстар әдетте материалдарды дұрыс сақтамағаннан болады. 2015 жылы Қытайдың Тяньцзинь қаласындағы өндіріс нысанындағы жарылыстан 165 адам, ал 2018 жылы қарашада Чжанцзякоу қаласындағы химиялық зауытта болған жарылыстан 20-дан астам адам қаза тапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары