24 наурыз күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қалыпты болады деп жазады ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақтау, Ақтөбе, Нұр-Сұлтан, Петропавл қалаларында атмосфералық ауаның ластануы болжанады. Еліміздің өзге қалаларында ауа сапасының нашарлауы күтілмейді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.