27.10.2015, 03:32

Өлген шешесін үш жыл сақтаған азамат ұсталды

www.24.kz

Ресейде ер азамат өлген анасын тұздап мумиялап, 3 жыл бойы оның зейнетақысын алып келген, деп жазады Haberler.com. Оқиға Қауіпсіздік қызметінің кезекті үйді аралау рейді кезінде ортаға шыққан.

Қауіпсіздік қызметі Ресейдің Солтүстік Кавказдағы Ессентуки қаласында осыдан 3 жыл бұрын 90 жасында қайтыс болған әйелдің мәйітін тапқан.

Ресейдің қауіпсіздік қызметінің берген ақпарына сай, ұлы қайтыс болған анасын салтқа сай қара жерге бергеннің орнына оны тұздап кептірген.

Аты-жөні белгісіз 60 жастағы Ресей азаматы анасын қатты жақсы көргендігін және одан айырылмау үшін осындай қадамға барғанын айтады.