$ 494.87  520.65  4.91

Солтүстік Қазақстан облысында күннің күрт жылуына байланысты ескерту жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысында алдағы үш күнде ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты ескерту жарияланды деп жазады ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 25-28 наурыз күндері өңірде қар және жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасының күрт артуы қардың қатты еріп, облыстағы мұздардың жұқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Осыған байланысты өңір тұрғындарының ұялы телефонына 112 қызметінен ескертулер жіберілді.

26 наурыз күні ауа райының құбылатыны туралы тағы да хабарлама жөнелтілді.

Синоптиктердің айтуынша, сейсенбі күні желдің жылдамдығы секундына 28 метрге жетіп, көктайғақ болу қаупі бар. Өңірде су тасқыны жөніндегі жедел штаб тәулік бойы жұмыс істей бастады.

Синоптиктер Есіл өзені мен оған құятын тармақтарында еріген қар суы жиналып, мұз қабатының ерте жұқаратыны туралы ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары