25 наурызда әлдебіреу Қарағандыдағы «Таир» сауда орталығын жарып жіберемін деп бопсалаған деп хабарлайды Қарағанды облыстық Полиция департаменті.
Бұл туралы ғимарат қызметкері кезекші полиция бөлімшесіне хабарлаған. Жедел іздестіру барысында 31 және 39 жастағы қаланың екі тұрғыны ұсталды.
Анықталғандай, алкогольдік ішімдікке сылқия тойып алған 31 жастағы ер адам сауда орталығының күзетшісіне ғимаратты жарып жіберетінін айтқан. Алайда, тексеру кезінде одан жарылғыш зат табылмады.
Дереккөз: Newtimes.kz