$ 498.34  519.72  4.85

Алматылықтар медицина саласында жұмсалатын шығындарды бақылай алатын болды

​Алматы қаласының тұрғындары онлайн режимде денсаулық сақтау ұйымдарына қатысты барлық кірістер және шығыстар туралы есептік ақпараттарды көре алады. Бұл жүйе жұмыс барысындағы ашықтық пен сапалы қызметтің болуына ықпал жасайды.

​Алматы қаласының денсаулық сақтау басқарамасының ресми сайтында көрсетілгендей, "Transparency Health" деп аталын тармағында дәрілік заттар мен жабдықтарды сатып алу туралы кірістер және шығыстар туралы ақпаратты білуге мүкіндік жасалған. Сондай-ақ, лауазымды орынға үміткерлерді іріктеу барысында онлайн сұхбаттасуға арналған бөлім қарасытырылған.

​«Алдағы уақытта лауазымды қызметке үміткерлерді іріктеу онлайн сұхбаттасу арқылы жүргізіледі. Жақын арада арнайы бөлімде бірінші байқаушы кеңестің құрамы мен олардың байланыс деректері орнатылатын болады», – деп хабарлайды Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

​Демек, алдағы уақытта қызметке орналасу үшін ақпараттық порталға кіріп, онлайн жүйеде сұхбатқа қатысуға болады. Бұл өз кезегінде қызметке орналасудағы тиімділікті арттыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға серпін береді.

​Сонымен қатар, басшылық тараптан 15-ке жуық денсаулық сақтау ұйымынына бақылау кеңесіне мүше болауға арналған арнайы байқау жарияланды. Үміткер ретінде қоғамдық белсенділер, экономистер, үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) өкілдері және бизнес қауымдастық және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.

​Айта кетейік, еліміздің денсаулық сақтау саласын цифрландыру мақсатында медициналық мекемелер ақпараттық жүйелермен толықтай қамтамасыз етіліп, бүгінде электронды қызметті қолданушылар көбейіп келеді. Сонымен қатар, электронды денсаулық паспортына көшіру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Осы орайда 2020 жылға дейін электронды медициналық төлқұжатпен 100 пайызға қамту көзделіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары