27.03.2019, 03:03

Еліміздің 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Сәрсенбі, 27 наурыз күні Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, Қарағанды, Орал, Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.  ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.