Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жакупова көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы қай уақыттан бастап берілетіндігін айтты деп жазады ҚазАқпарат.
Министр орынбасарының айтуынша, өтініштерді әкімдіктер мен ҚР электронды үкіметінде беруге болады. Сонымен қатар, вице-министр құжаттарды 1 сәуірден бастап берудің қажеті жоқ екенін атап өтті. Қабылданған заң күшіне енуі үшін күту керек. Кейіннен аталған заңды басшылыққа алып, бірқатар заңнамалар қабылданады. Жергілікті атқару органдарына қажетті құжаттар түскеннен кейін азаматтар өз өтініштерін бере алатындығын айтты.
Светлана Қабыкенқызының айтуынша, әлеуметтік жәрдемақы 1 сәуірден бастап беріле бастайды, себебі заң бойынша өтініш берілген уақыттан бастап әлеуметтік көмек көрсетілу қажет.
Әлеуметтік көмек ай сайын отбасы мүшелерінің бірі кәмелеттік жасқа толғанына дейін төленуі тиіс.
Көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны 4834 теңгеден 20789 теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр.