$ 498.34  519.72  4.85

«Нұр-Сұлтан – Алматы» рейсінде шу шығарған қытай азаматы ұшақтан шығарылды

«Нұр-Сұлтан – Алматы» рейсінде шу шығарған қытайлық азамат ұшақтан түсірілді. Бұл туралы  Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Анықталғандай, елорда әуежайында орналасқан желілік полиция бөлімшесіне «Эйр-Астана» компаниясының өкілінен «Нұр-Сұлтан – Алматы» рейсінің ұшақ бортында тәртіп бұзған ер адам туралы хабарлама түскен.   

«Көлік полициясы тексеру барысында Қытай Халық Республикасының 40 жастағы азаматын анықтады. Ер адам мас күйінде өзін дөрекі ұстап, бортсеріктердің ескертуіне құлақ аспаған. Жолаушылардың мазасын алған. Мән-жайды анықтау  үшін жолаушы рейстен түсірілді», - делінген ақпаратта. 

Құқықбұзушының үстінен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша  әкімшілік  хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш (12625 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары