$ 498.34  519.72  4.85

Түркістан облысында 88 жастағы зейнеткер тоналды

Ақсукент қаласында 88 жастағы әжейді белгісіз ер адам қорқытып, ақшасын тартып әкеткен. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тәртіп сақшыларына зейнеткердің өзі келіп шағымданыпты. Аудандық полиция басқармасы «Тонау» бабы бойынша дереу қылмыстық іс қозғаған.

Жедел іздеу шаралары барысында полиция күдіктіні ізін суытпай қолға түсірді. Ол Сайрам ауданының тұрғыны екен. Бұған дейін алаяқтық жасағаны үшін бір рет сотталған. Қазір күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: NewTimes.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары